2022 жылдың 17 қараша күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Тілдер және менеджменті факультеті, Есеп және қаржы кафедрасының экономика ғылымдарының магистрлері, аға оқытушылар Д.С. Тогашева мен А.С. Амангалиеваның ұйымдастыруымен  «Қаржы» білім беру бағдарламасының 2-3-курс студенттеріне «Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары»  тақырыбында іскерлік ойын форматында ашық сабақ өтті.

Сабақ барысында студенттер «Ақша, несие, банк» және «Банк ісі» пәндерінен алған білімдерін нығайту мақсатында өздерін банктің қызметкері ретінде несие беру, депозит ашу, заңды тұлғаларға несие беру, пластикалық карточкалар ұсыну, валюта айырбастау, ақша аударымдары шарттарымен таныстырып, есептеу әдістерін түсіндірді. Сабақ соңында оқытушылар студенттерге сұрақтар қойып, оларға нақты, дұрыс жауаптар алды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz