Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Тарих» білім бағдарламасының студенттері мен оқытушылары 2022 жылдың 17 қарашасы күні БҚО тарихи-өлкетану музейінде ашылған «Ақын. Ағартушы» көрмесіне қатысты.
Көрме ақын, қазақтың тұңғыш фотосуретшісі, ағартушы Бөкеев Шәңгерей Сейткерейұлының туғанына 175 жыл толуына арналған.
Аталмыш көрме XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қалыптасып дамыған қазақ әдебиеті өкілінің бірі, ақын, фотосуретші Бөкеев Шәңгерей Сейіткерейұлының музей көрермендеріне таныстыру мақсатында ұйымдастырылған.
Студенттер мен оқытушылар көрмеде музей қорында сақталған Шәңгерей Бөкеевтің ХХ ғасырдың басында өзі түсірген фотосуреттерінің көшірмесін тамашалап, ақынның өмірбаянымен танысты.
