2022 жылдың 06 сәуірінде БҚИТУ-дың инженерлік-гуманитарлық факультетінде Инженерлік-гуманитарлық факультетінің әкімшілігі мен техника және технология кафедрасының өкілдері Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлзира Қонысбайқызы Юбасаровамен кездесу өтті.

Кездесуде жоғары және техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын одан әрі дамыту және интеграциялау мақсатында әріптестік қатынастарды нығайту мәселелері талқыланды.

6В07105 – “Автоматтандыру және басқару” (салалар бойынша) кіріктірілген БББ әзірлеу мен енгізуді талқылауға ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша БҚИТУ мен Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі арасындағы ынтымақтастық туралы Келісімшарт жобаларын әзірлеу, сондай-ақ Инженерлік-гуманитарлық факультет пен колледж арасында білім беру бағдарламаларының интеграциясын әзірлеудің Жол картасына қол қоюылды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz