БҚИТУ мен “ҚазЭнергияСараптама” ЖШС Орал филиалы арасындағы ынтымақтастық туралы Келісімшартқа сәйкес инженерлік-гуманитарлық факультетінің техника және технология кафедрасы ИГФ техникалық мамандықтарының 2-4 курс студенттеріне 72 сағат көлемінде электр қауіпсіздігі қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидалары бойынша оқу курсын ұйымдастырды.

Курс координаторы техника және технология кафедрасының қауымд. профессоры, т.ғ.к. Л.А.Садыкова болды. Оқыту ” ҚазЭнергияСараптама” ЖШС сарапшыларымен келісілген курстың оқу жоспары бойынша өтті.

“ҚазЭнергияСараптама” ЖШС Орал филиалы III біліктілік тобы берілген куәлік беріп, студенттерді қорытынды аттестаттаудан өткізді.

Қорытынды аттестаттауды “КазЭнергоЭкспертиза” ЖШС сарапшылары өткізді. Кәсіби сертификаттау қорытындысы бойынша инженерлік-гуманитарлық факультеттің 49 студенті 1000В дейінгі кернеу тобы туралы сертификаттарға ие бола отырып, одан әрі жұмысқа орналасуға мүмкіндігі бар.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz