Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Құқық қорғау қызметі» білім бағдарламасының студенттері Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру мақсатында кәсіптік-бағдарлық сабаққа қатысты.

Университет  студенттерінің теориялық білімдерін пысықтап, практикалық дағдыларын қалыптасыру үшін кәсіптік-бағдарлық сабақ аясында ашық сот процесіне қатысуға рұқсат етілді.

Кездесу барысында студенттерге электрондық сот ісін жүргізуді жүзеге асыру тәртібі, «Төрелік» ақпараттық жүйесінің жұмысы және «Электрондық кабинет» арқылы азаматтардың сотқа арыз беру тәртібі мен мерзімі көрнекі түрде көрсетілді.

Бұдан әрі, сот мамандары студенттерді соттың кеңсе жұмыстары және мұрағатымен таныстырды.

Іс-шара соңында «Тарих және құқық» кафедрасының студенттерімен аға оқытушы Ж.М.Жайлибаева тарапынан сот процессін жүргізген сот төрайымы Давлетова Алтынай Абубакировнаға және кеңсе қызметкерлеріне атқарған қызметтері үшін алғыстарын білдірді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz