2024 жылдың 12 қарашасында БҚИТУ СТИ – ң 6В11201 «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі», 6В06104 – «Есептеуіш техникасы және ақпараттық жүйелер» және 6В07302 – «Құрылыс» білім беру бағдарламаларының 2 курс білім алушыларына «ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамы» ҚБ Батыс Қазақстан облыстық филиалының инструкторлары Айдынгалиев Кайырбек Сисенгалиевич, Акулеев Куаныш Сагангалиевич шақырылып, «Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» пәні бойынша танымдық практика бағытталған дәріс оқыды.

Өндіріс мамандары К.С. Айдынгалиев, К.С. Акулеев өз дәрістерінде жиіліп кеткен жазатайым оқиғалардың қазіргі таңда үлкен мәселе екенін айтып, оларды азайту шараларын баяндады. Сонымен бірге дәрігерлер келгенге дейін жазатайым оқиға орнында зардап шегушіге алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету жөніндегі шаралар кешені туралы айтып берді. Сондай-ақ білім алушыларға жарақат түрлері, оларға дәрігерге дейінгі көмек көрсетудің әдістері мен тәсілдері туралы нақты түсіндірді.

«ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамы» ҚБ Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры А.Б. Букенбаеваға алғысымызды білдіреміз және одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеміз!

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz