Бүгінгі таңда жастардың болашағы – ел дамуының басты кепілі. Дәл осы себепті оқу орындары мектеп түлектеріне дұрыс таңдау жасауға көмектесу мақсатында үнемі кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізіп келеді.

19-наурыз күні салалық технологиялар институтының кәсіптік бағдар беру жұмысы және қабылдау бөлімінің мамандары А.Е. Танжарикова мен А.Т. Махамбетова Деркөл кентіндегі жалпы орта білім беретін №12 және №48 мектептеріне, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «Олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіне» КММ арнайы барып, оқушылармен кездесіп қайтты.

Кездесу барысында мамандар оқушыларға институттағы оқу бағыттары, мамандықтардың болашағы, қазіргі еңбек нарығындағы сұраныстар туралы кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар, ЖОО-ға түсу мүмкіндіктері, мемлекеттік гранттар мен жеңілдіктер жайында толық ақпарат берілді.

Болашақ мамандықты дұрыс таңдау – әрбір түлек үшін маңызды қадам. Сондықтан мұндай кездесулер оқушылардың кәсіби бағдарын айқындауда, өз қабілеттеріне сай саланы таңдауда үлкен рөл атқарады. Кездесуге қатысқан түлектер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

Салалық технологиялар институтының мамандары алдағы уақытта да осындай кездесулер өткізіп, мектеп бітіруші түлектерге бағыт-бағдар беруді жалғастыра бермек. Өйткені, білікті маман – елдің жарқын болашағының кепілі.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz