2025 жылдың 19 наурызында БҚИТУ СТИ – ң ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының 6В11201 «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» БББ білім алушыларына Батыс Қазақстан облысының Экология департаментінің мамандары Жұмағазиев Алматай Закариевич, Сугурбаева Тансауле Каиргалиевна, Шамұрат Малика Мәлікқызы «Табиғат біздің қолымызда» тақырыбында қонақ дәріс өткізді.

Дәріс барысында білім алушыларға қоршаған ортаны қорғау, экологиялық қауіпсіздік, табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігі, қалдықтарды сұрыптау және экологиялық мәдениетті қалыптастырудың өзекті мәселелері бойынша жан-жақты ақпарат берілді.

Сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғаудың заманауи шаралары талқыланып, білім алушыларға экологиялық сауаттылықты арттыру бойынша ұсыныстар беріліп, табиғаттың тазалығы үшін бірлескен жауапкершіліктің маңыздылығы атап өтілді.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz