2025 жылғы 25 ақпанда Муртазин Марлен Мурасатович «Сәулет және құрылыс» кафедрасында 6В07301 «Сәулет және құрылыс» білім беру бағдарламасының білім алушылары үшін «AutoCAD-та жобалау процестерін оңтайландыру әдістері» тақырыбында практикалық сабағын жүргізді.
Сабақтың негізгі тақырыптары
AutoCAD – жобалауда кеңінен қолданылатын негізгі бағдарламалардың бірі. Бұл бағдарлама сандық сызбаларды дәл жасауға, үшөлшемді модельдерді әзірлеуге және жобалау процесін автоматтандыруға мүмкіндік береді. Сабақ барысында студенттер AutoCAD-ты тиімді пайдаланудың келесі әдістерімен танысты:
- Қабаттармен жұмыс істеу – сызбаларды құрылымдау және оңай өңдеу.
- Блоктар мен динамикалық объектілерді қолдану – дайын элементтерді пайдалану арқылы жобалауды жеделдету.
- Анотациялар мен өлшемдерді баптау – кәсіби деңгейде безендірілген сызбалар жасау.
- 3D-модельдеу құралдарын пайдалану – жобалық шешімдерді визуализациялау.
Тәжірибелік сабақ AutoCAD құралдарын терең меңгеруге және жобалау процесін оңтайландыру бойынша маңызды дағдыларды игеруге көмектесті.

