Тәжірибелі мамандардан кәсіби білім мен дағдыларды тәжірибесі аз мамандарға берудің ең тиімді әдістерінің бірі – ашық сабақтар өткізу. “Мен үшін өз тәжірибемді жас мамандармен бөлісу өте маңызды, себебі ол, жас мамандардың оқытушылық қызметте үлкен жетістіктерге жетуіне ықпал етеді”, – дейді мұнай-газ инженериясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, т.ғ.к. Қ.А. Ихсанов.

Қайрбек Айтжанұлы, ЖОО-да оқытушылық қызметте 30 жылдан астам жұмыс істейді, оның ішінде 25 жыл бойы біздің университетте қызмет атқарып келеді.

2025 жылғы 14 ақпанда НД-22 О тобында “Мұнай-газ ісі негіздері” пәні бойынша “Мұнай және газ ұңғымаларын салу. Ұңғымалардың құрылысы” тақырыбында ашық практикалық сабақ өткізілді. Сабақ барысында әртүрлі заманауи инновациялық технологиялар, оқытудың белсенді әдістері қолданылды. Сабақ презентация түріндегі көрнекі интерактивті материалмен сүйемелденді. Сабақтың екінші жартысы ойын түрінде өтті. Студенттер командалық және жеке тапсырмаларды белсенді орындады.

Ашық сабаққа кафедраның аға оқытушылары Нугманов А.М., Киікбаев М.Қ. т.ғ.м., Кадиралиев А.К. т.ғ.м. және 2-курс магистранты Шаненов Н.Н. қатысты.

Сабақтың мұндай формалары бір жағынан – білім алушылардың шығармашылық белсенділігін, олардың тапқырлығын, қызығушылығын дамытуға және белгілі бір дүниетанымды қалыптастыруға, екінші жағынан – тәжірибені жас әріптестерге беруге ықпал етеді.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz