2022 жылдың 8 желтоқсанында жалпы білім беретін пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Қазақстан тарихы бойынша БҚИТУ инженерлік-гуманитарлық факультетінің 1 курс студенттері арасында олимпиада өтті.
Олимпиада бағдарламасы келесі кезеңдерден тұрды: топтарды таныстыру, таныстыру, үй тапсырмасы, еркін тақырып, полиглот, қара жәшік, блиц, капитандар сайысы.
Қазақ ағымы бойынша 1-орын ЮР-11 тобының «Тәуелсіздер» командасына, 2-орын «Алаш» гр. АРХ-13, 3- орын «Достық» гр. AРХ-13 командыларына бұйырды.
Орыс ағымы бойынша 1 орынды «Автономия» құрама командасы НД-12, ЮР-12, ВТИС-12, ТМО-12 группалары иеленді.; 2 орынды «Спортшылар» командасы AРХ-12 группасы иеленді. 3 орынды «Тарих балалары» AРХ-14 группасы алды