Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің педагогика және психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, п.ғ.к. Набидоллина Шолпан Сагатовна және аға оқытушы, магистр Гинаятова Айжан Азаматовна  2023 жылдың 23 ақпан күні қазіргі кездегі білім беру саласындағы өзгерістерге сай сабақ беру барысындағы әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасу мақсатында кафедра оқытушыларына «Кәсіби даму-заман талабы» тақырыбында коучинг өткізді.

Коучинг барысында студенттердің оқу-танымдық әрекетін дамыту әдіс-тәсілдері іріктеліп, «Қазіргі кездегі білім берудегі мәселелер» (Блум таксономиясы), « Білім беруде қиындықтар, оларды шешу жолдары» (Фишбоун стратегиясы), «Мінсіз мұғалім» (RAFT стратегиясы) бағыттары бойынша топтық жұмыстар ұйымдастырылды, топтар  арасында пікірталастар оздырылып, білім беру мәселерін шешу бағытындағы ұсыныстар талқыланды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz