Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университетінің инженерлік-гуманитарлық факультетінің делегациясы ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық туралы шартты іске асыру аясында Тамбов мемлекеттік техникалық университетіне іс-сапармен барды. ТМТУ – ға сапар барысында ПОҚ-ның біліктілігін арттыру, кәсіптік қайта даярлау, ПОҚ мен білім алушылардың академиялық ұтқырлығы бағдарламаларын іске асыру мақсатында, сондай-ақ одан әрі халықаралық Әлеуметтік-мәдени ынтымақтастықтың перспективаларына қол жеткізу көзделді.
Сапардың бірінші күні оқу және оқу –әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Наталья Вячеслаловна Молотковамен халықаралық қызмет жөніндегі проректор Елена Сергеевнамен,халықаралық байланыстар басқармасының бастығы Лариса Викторовна Михеевамен және сырттай оқу деканы Наталья Владимировнамен кездесу өтті. Халықаралық байланыстар басқармасы бастамасымен университет ғимараттарына экскурсия ұйымдастырылды, сонымен қатар табиғатты қорғау бойынша ерікті студенттер қозғалысымен мастер-класс ұйымдастырды. БҚИТУ делегациясының негізгі жұмысы Сәулет, Құрылыс және көлік институтында өтті. Институт директоры, Ресей сәулет және құрылыс ғылымдары академиясының корреспондент – мүшесі, т.ғ. д., профессор Павел Владиславович Монастыревтың жетекшілігімен институт ПОҚ-мен кездесу өткізілді. Кездесу барысында, академиялық ұтқырлық, біліктілікті арттыру, онлайн кездесулер өткізу, Жол картасын іске асыру және тағы басқа бірқатар мәселелер талқыланды. БҚИТУ делегациясы сәулет және қала құрылысы кафедрасының практикалық сабақтарына қатысты. ТМТУ әріптестері жұмыс тәжірибесімен бөлісті, ТМТУ мен БҚИТУ ИГФ игілігі үшін ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен нығайтуға үміттенеміз.
