2024 жылғы 16-мамырда Орал қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында сәуір айында Орал қаласында орын алған төтенше жағдай кезінде тұрғындардың өмірін сақтау және елді мекендерді су тасқынынан қорғау бағытындағы еңбектері үшін еріктілерге Орал қаласының әкімінің алғыс хаттарын табыстау рәсімі өтті.

Батыс өңірінде төтенше жағдай жарияланғаннан бері еріктілер де аяғынан тік тұрды. Волонтерлер тұрғындарды эвакуациялауға атсалысып, құтқарылған адамдарға алғашқы медициналық, психологиялық көмек көрсетті.  Гуманитарлық көмек жинап, сұрыптап, тиісті жерге жөнелтті. Арық қазып, бөгеттерді нығайтты. Қажет болған жағдайда құтқарушылар мен әскери құрылым қызметкерлеріне ыстық тамақ ұйымдастырды. Осы уақытқа дейін волонтерлер шамамен 9903 тонна гуманитарлық көмек жинап үлгерген екен. 

Осы бағытта Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Асхатұлы Дүйсенғалиев  төтенше жағдай кезінде еріктілер қатарында болған Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің  23 студенттін алғыс хатпен марапаттады.  Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің алғыс хаттарын университет еріктілеріне тәрбие ісі жөніндегі проректор А.И.Абекешев табыстап, облыс басшысының алғысын жеткізді.

Марапатқа ие болған білім алушыларымызды құттықтаймыз:

  • Мукашев Арсен Берикович – ФКС-311;
  • Батырғали Ұлан Асланбекұлы – НД-31О;
  • Батырғали Рауан Асланбекұлы – ВТиИС-31О;
  • Турегалиева Аделя Ербулатовна – КДР-211;
  • Сариев Алихан Наурзбаевич – БЖД-21О;
  • Гребенщиков Максим Ильич – АРХ-22О;
  • Жаныбеков Алихан Талгатович – НД-22ОК;
  • Беріков Бақытжан Берікұлы – НД-22ОК;
  • Сеғуатов Бағдат Ғабитұлы – ИСТ-111;
  • Көбейсінұлы Серік – ИСТ-111;
  • Базарбаев Ертай Нурпейисович – ИНФ-111;
  • Калдыбаев Мейирбек Орынбайулы – ИНФ-111;
  • Енсап Манас Асылбекулы – ФКС-111;
  • Серікболат Еділ Жүсіпұлы – ВЕТ-11 О;
  • Ищанов Бексултан Раимбекович – ЮР-13 О;
  • Мезенец Данил Викторович – ТМО-12 О;
  • Дауешев Дархан Самигуллаевич – ТТТ-11 О;
  • Хабибуллин Алихан Турсынбекович – АУ-11 О;
  • Косяков Валентин Андреевич – ВТиИС-12 О;
  • Кенгесбаев Әлімжан Медетұлы – СТР-21О;
  • Джантлеуов Даурен Булатович – АРХ-12 О;
  • Қуат Азамат Тлекұлы – ФКС-111;
  • Ерағат Айхат Нұрбекұлы – ИСТ-111.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz