2024-2025 оқу жылының қазан айынан бастап Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Білім және менеджмент институтында «Күміс университеті» жобасы аясында «Нейробика – миға арналған жаттығу» және «Саяхаттауға арналған ағылшын тілі» курстары  ұйымдастырылған еді. Аталған курстарды ұйымдастырудағы мақсатымыз егде азаматтардың өмір сүру сапасын арттырып, өзін-өзі дамытуын қолдау, құрмет көрсету, Университетіміздің даму бағдарламасына сәйкес «Күміс университеті» моделін жүзеге асыру болатын. 2024 жылдың 12 желтоқсан күні  институт директоры Тасмагамбетов Асет Сембайұлы курстарды сәтті аяқтаған  30 тыңдаушыны құттықтап, сертификат табыстады.

Тыңдаушылар сабақ берген ұстаздары – Жумагулова Гульшат Амерхановна мен  Суюнова  Айгерім Түлкибаевнаға, курстың ұйымдастырушысы Бекмашева Ақтоты Нығметқызына  ерекше алғыстарын білдірді.  «Саяхаттауға арналған ағылшын тілі» курсына  қатысып, саяхатқа қажетті негізгі сөздік қормен  танысты,  сұрақ қойып, диалог құруды  үйренді. «Нейробика – миға арналған жаттығу» курсының оқытушысы Гульшат Амерхановнаның сабақтары мазмұнды әрі әртүрлі әдістермен, көрнекі құралдармен  қызықты өткендігін ерекше атап өткіміз келеді. Сабақ барысында тыңдаушылар қарындаш, бояу, ертегі, доптардың көмегімен сөйлеуді, зейінді, есте сақтауды дамытуға бағытталған әртүрлі ойындар мен жаттығулар орындады.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz