2024 жылдың 12-желтоқсанында Назарбаев зияткерлік мектебінде облыс жастарына арналған «Шексіз мүмкіндіктер әлемі: Жастардың дамуына жаңа қадам» форумы өтті.

Облыс жастары арасындағы достықты нығайту, озық тәжірибе алмасу мақсатында өткен форумға студенттер мен белсенді жастар атсалысты.

Университет студенттері атынан шараға Білім және менеджмент институтының 2-курс белсенділері Камалова Бақытгүл, Әмірханова Ақниет, Гильманова Альбина, Жұмағали Раушан, Қуат Азамат, Құламанқызы Жанел, Аронова Аяулым, Дуйсенгалиев Айдос және Есенқосов Майрамбай қатысты. 

Форумға арнайы шақырылған журналист, тележүргізуші, ақпарат саласының үздігі Гүлназ Әлімгерей, самбодан әлем чемпионы Ерболат Байбатыров, ақын, хит әндердің авторы Дәурен Шамұратов, кәсіби фотограф, «Үркер» ұлттық сыйлығының жеңімпазы Мейірбек Тажкурановтар спикер ретінде қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz