2024 жылдың 13 желтоқсан күні, сағат 10:00 –де, № 103 аудиторияда АРХ – 31 О тобында «Сәулет және құрылыс» кафедрасының аға оқытушысы С.Г. Умерешованың «Ғимараттар мен құрылыстардың инженерлік жүйелері» пәнінен «Жылумен қамту жүйесі» тақырыбында ашық практикалық сабағы өтті. Бұл ашық сабақта оқытушы жылумен қамту жүйесінің негізгі элементтерінің, жұмыс принципін және тиімділігін арттыру жолдарын қарастырылды. Жылумен қамту жүйесінің мақсаты мен маңызы түсіндірілді. Ашық практикалық сабақтың ерекшелігі оқытудың инновациялық әдістерін қолданып, «LearningApps», «Canva» сияқты бағдарламаларды қолдану болды, оның көмегімен оқытушы студенттерді бағалау мақсатында түрлі тапсырмалар карталар мен тесттер дайындады.


