16 қаңтар 2025 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің, көлік және технологиялар кафедрасында ғылыми зерттеулердің өзекті мәселелеріне және олардың жоғары білім жүйесіндегі рөліне арналған ғылыми семинар өткізілді. Семинар бағдарламасы өте мазмұнды болды және кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар мен аспиранттар, сондай-ақ химия ғылымдарының докторы, шақырылған профессор Вера Алексеевна Бурахта қатысқан ғылыми зерттеулердің әртүрлілігін көрсетті.
Семинардың тақырыбы – «Жоғары білім шеңберінде ғылымды дамытудағы инновациялар», ол кафедрада қазіргі білім беру және ғылыми қызметтің маңызды аспектілерін қамтыды. Семинарға қатысушыларды көлік және технологиялар кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., Ph.D докторы Акылбек Нурлыбекович Омаров құттықтап, семинар жұмысына сәттілік тіледі. Жас аспиранттардан бастап тәжірибелі профессорларға дейінгі жетекші зерттеушілер 2024 жылы ұйымдар мен кәсіпорындар бойынша орындалған ғылыми-зерттеу жұмыстарының аралық нәтижелерімен бөлісті. Қауымдастырылған профессор, т.ғ.к., Ph.D Биниязов А.В. баяндамасында инновациялық әдістерді енгізу дизельді қозғалтқыштардың сенімділігі мен тиімділігін арттыруға қалай ықпал ететінін көрсетті, ал шаруашылық келісімшарты 2026 жылы аяқталады. Аға оқытушы, т.ғ.к. Қажияхметова А.А. жүргізген зерттеу мал азығын жақсарту және өндіріс шығындарын азайтуға бағытталған, бұл Батыс Қазақстан аграрлық секторында үлкен маңызға ие, ал шаруашылық келісімшарты 2027 жылы аяқталады.
Кафедраның жас оқытушыларының ғылыми зерттеулерді орындау туралы есептері ерекше назар аудартады, олар докторанттар мен аспиранттардың ғылыми зерттеулерінің жүзеге асырылуын көрсету арқылы кафедралық ғылыми зерттеулер құрылымында маңызды рөл атқарады, әрі олардың диссертация тақырыптары бойынша жаңа зерттеу бағыттарын дамытуға көмектеседі. Докторанттар мен аспиранттардың есептері кафедрадағы ғылыми жұмыстарды жүйелі түрде талдап, ғылымдағы қазіргі жетістіктерді бағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ кафедраның кешенді және бастамашыл тақырыптары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындалуы туралы баяндамалар ұсынылды (аға оқытушы, магистр Нургалиев Л.М., қауымдастырылған профессор, т.ғ.к. Чурикова Л.А.). Ұсынылған баяндамалар қатысушылардың ғылыми қызығушылығын тудырып, көлік және мұнай-газ өндіру саласындағы қауіпсіздік мәселелеріне жүйелі көзқарас қажет екенін атап көрсетті.



