Орал қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы 2025 жылдың 18-19 қаңтарында Батыс Қазақстан облысының сеньорлар арасындағы шахмат бойынша ашық чемпионатын ұйымдастырды (50 +). Батыс Қазақстан облысының ең мықты шахматшылары қатысты. Қалалық және облыстық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, спорт шеберлігіне үміткер Қадырғалиев Нұрболат Меңдіғалиұлы шахмат бойынша чемпионаттың жеңімпазы атанды. Жаңа табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!