2025 жылдың 22-қаңтарында Шаған ЖОББМ түлектеріне Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Білім және менеджмент институтының ашық есік күні ұйымдастырылды. Мектеп түлектеріне кафедра меңгерушілері мен оқытушылар өздерінің білім беру бағдарламалары туралы баяндады. Шара барысында қонақтарға институттың арнайы жабдықталған кабинеттері көрсетіліп, мамандандырылған кабинеттерде, спорт залдарда танымдық экскурсия өткізілді.

