2025 жылғы 22 сәуірде Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы кафедрасы 2025–2026 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларына енгізілетін өзгерістерді талқылау бойынша академиялық комитеттің отырысын өткізді. Атап айтқанда, 6В07102 – «Электр энергетикасы», 6В07105 – «Автоматтандыру және басқару (салалар бойынша)» және 6В06104 – «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламалары қаралды.

Отырысқа ішкі және сыртқы стейкхолдерлер қатысты. Талқылау барысында кафедра мен рецензенттер ұсынған өзгерістер қаралды. Барлық білім беру бағдарламалары бойынша «Қаржылық сауаттылық» пәнін «Экономика, құқық, кәсіпкерлік негіздері және қаржылық сауаттылық» пәніне ауыстыру, сондай-ақ «Экология, бизнес және құқық негіздері» пәнін «Инклюзивті және тұрақты мәдениет, қауіпсіздік, экология және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл негіздері» пәніне ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Бұған қоса, кейбір пәндердің мазмұнына өзгерістер енгізілді:

– 6В07102 – «Электр энергетикасы» бойынша “ЭТН1”, “ЭТН2”, “Электр энергиямен қамту жүйесіндегі релелік қорғаныс және автоматика” пәндері нақтылай түсті;

– 6В07105 – «Автоматтандыру және басқару (салалар бойынша)» бойынша “Автоматты реттеудің сызықтық жүйелері”, “Автоматтандыру және басқару негіздері”, “Автоматтандырылған басқару жүйелерін жобалау” пәндері жаңартылды;

– 6В06104 – «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» бойынша “Электронды коммерция”, “Сандық схемотехника”, “Компьютер сәулеті” пәндері толықтырылып, жаңартылды.

Талқылау қорытындысы бойынша барлық қатысушылар ұсынылған өзгерістерді қолдап, білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңартудың қажеттілігімен келісті.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.