БҚО бойынша Экономикалық тергеу әкімшілік басқармасының департаменті басшысы Бисембаева Аягөз Танырбергенқызы және Батыс Қазақстан облысы бойынша Тергеп тексеру департаментінің Криминалистикалық бөлімінің бас криминалисті эконмикалық тергеп тексеру қызметінің майоры Колганатов Армат Кайдаргалиевич 2023 жылғы 8 желтоқсанда Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университетінде 6В06104 – “Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер” және 6В04202 – “Құқықтану” Білім беру бағдарламаларының жоғары оқу орнының бітіруші курстарының білім алушыларымен “экономикалық және ҚР-дағы экономикалық қылмыстарды анықтау және тергеу тәртібі”.
Департамент өкілдері білім алушыларға экономикалық қылмыстардың, IT технологиялары, компьютерлік қылмыстар ұғымдары қолданумен жасалған қылмыстардың түрлері және олардың жіктелуі, анықтау және тергеу тәртібі туралы айтып берді.
Сондай-ақ, қаржы пирамидаларын, Банктік карталар мен ұялы телефондарды қолданатын қылмыстарды тергеу туралы ақпарат ұсынылды.
Бұдан әрі экономикалық тергеу департаментіне қызметке кіру тәртібі, тағылымдамадан өту және іріктеу тәртібі, жеке қасиеттерін бағалау және әңгімелесуден өту тәртібі, мемлекеттік қызметшілерде көзделген тиісті жәрдемақылар мен жеңілдіктер түсіндірілді.
Кездесу соңында білім алушылардың департаментке жұмысқа орналасу және экономикалық қылмыстарды ашу бойынша ұсынылған ақпаратқа белсенді қызығушылық танытқан Департамент өкілдеріне көптеген сұрақтар қойылды, оларға нақты жауаптар алынды.


