Желтоқсанның 12-де Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Салалық технологиялар институтының ұйымдастыруымен 16 желтоқсан – ҚР-ның Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты  мерекелік кеш ұйымдастырылды. Кеште тәуелсіздік тарихы туралы  баяндалып, патриоттық бағытта әндер шырқалып, өлеңдер оқылды. Мерекеде Батыс Қазақстан инновациялық–технологиялық университетінің ректоры, қауымдастырылған профессор Б.Т. Шакешев құттықтау сөз сөйлеп мерекемен құттықтады. Мерекелік кеште университет өмірінде ерекше белсенділік танытып, олимпиадаларға, жарыстарға қатысып жүрген студенттерге алғыс хатпен сертификаттарға ие болды.

Аталған шараның мақсаты – жастарды Отан сүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, қоғамдық-саяси, әлеуметтік, мәдени өмірге деген белсенділігін арттыру, дарынды жастарға қолдау көрсету болып табылады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.