2022 жылдың 30 ақпанында БҚИТУ инженерлік-гуманитарлық факультетінің 6В11201 «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттеріне «ҚР ТЖМ БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ ӨСКҚ жедел кезекшісінің орынбасары, азаматтық қорғау майоры Кабдолов Жарас Жұмагелдиевич шақырылып, Тіршілік қауіпсіздігі негіздері және өрт қауіпсіздігі жөнінде дәріс оқыды.

Дәрістің мақсаты – студенттерді мемлекеттік өрт сөндіру қызметімен таныстыру, мекеме мамандарының тәжірибесімен бөлісу, практикалық дағдыларды білу маңыздылығы туралы түсінік беру.

«ҚР ТЖМ БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ ӨСКҚ мекемесі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері ерекше бақылауда. Өрттің пайда болуымен байланысты төтенше жағдайлардың қаупін барынша азайту үшін мекеме өртке қарсы қорғауды жетілдіру бойынша шараларды жүйелі түрде жүзеге асырады және өртті алдын-алу бойынша тұрақты іс-шаралар жүргізеді. Кәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау Департаменті азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар департаменті тарапынан бақыланады және өндіріс нысандарында өрт және газды қорғау және өртке қарсы іс-әрекеттер туралы жасалған келісім негізінде жүзеге асырады.

Өрт қауіпсіздігі саласындағы алдын-алу жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастыру өрт қауіпсіздігі, өрттің алдын-алу және авариялардан уақытында алдын-ала ескертіп, өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарынан кәсіпорынның жұмысында бұзушылықтар мен ауытқулардың мониторингін жүргізуге мүмкіндік береді.

Дәріс барысында студенттер осы тақырыпты талқылауға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша ақпарат алды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz