2026 жылдың қаңтар–ақпан айларында кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Салалық технологиялар институтының «Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасының оқытушылары Жоғары инженерлік-технологиялық колледждің және Жоғары аграрлық-техникалық колледждің студенттерімен, сондай-ақ №48, №51, №12, №39 және №26 орта мектеп оқушыларымен кездесулер өткізді.

Іс-шараның мақсаты – жастардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына бағыт-бағдар беру, техникалық және инженерлік мамандықтарға қызығушылығын арттыру және Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде сапалы білім алу мүмкіндіктері туралы ақпарат беру болды.

Кездесулер барысында оқытушылар талапкерлерге білім беру бағдарламаларының мазмұны, оқу үдерісінің ерекшеліктері, заманауи зертханалар мен материалдық-техникалық база, сондай-ақ академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері және серіктес кәсіпорындарда тәжірибеден өту туралы жан-жақты ақпарат ұсынды. Университеттің сұранысқа ие мамандықтарына, олардың қазіргі еңбек нарығындағы маңыздылығына және түлектердің кәсіби әрі мансаптық өсу перспективаларына ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ кәсіптік бағдар беру бағытында баяндамалар жасалып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді. Оқытушылар университетке түсу шарттары, грант алу мүмкіндіктері және студенттік өмірдің артықшылықтары жөнінде ақпаратпен бөлісті.

Іс-шара соңында қатысушыларға жүзеге асырылып жатқан білім беру бағдарламалары мен түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпараттық материалдар таратылып, қосымша кеңес алу мүмкіндігі ұсынылды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz