Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығын тойлау қарсанында инженерлік-технологиялық факультетінде «Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аймақтары» атты дөңгелек үстел оздырылды. Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын аймақтарының мәселелері талқыланды. «Землемер» үйірме мүшелері талқыланған мәселе бойынша өз баяндамалар дайындап, елдің ерекше қорғалатын аймақтары мәселелері туралы сөз қозғап, олардың шешу, қолдау және дамыту бойынша өз пікірлерін ортаға салды. Атап өтсек «Батыс Қазақстан облысының ерекше табиғи нысандары, олардың даму перспективасы» және «Ерекше қорғалатын табиғи аймақтары саласындағы заңнамалары» атты мақалалар ерекще қызығушылық оятты. Дөңгелек үстел барысында барлық студенттер елдің аса бағалы табиғи және мәдени байлықты сақтау, қоғамның құзырында тиімді пайдалану керектигі туралы ойға тоқтады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz