23 желтоқсан күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Педагогикалық факультетінің акт залында жыл сайынғы «Жыл үздігі 2016» байқауы өтті. Жыл үздігінің мақсаты да болашағынан үміт күттірер жастарды анықтап, оларға қолдау көрсету және сол жастарға үлгі болар ұстаздарымыздың ерен еңбектерін бағалау мақсатында марапаттау.

Салтанатты кешке БҚИТУ педагогикалық факультетінің барлық оқытушылар құрамы, жұмыс берушілер және студенттер қатысты. Олар: велоспорт бойынша БЖСМ директоры К.С. Курмашев, №4 БЖСМ директоры А.А. Шайхиев, Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған спорт мектеп-интернатының директоры К.Б. Жангалиев және Ә.Молдағұлова атындағы мектеп-лицей директоры Ш.О. Сагингалиева.
Ф.ғ.к., доцент А.Б.Қайыров марапаттау рәсімінен бұрын факультеттің өткен жылғы жетістіктерімен таныстырды. Кадр бөлімінің бастығы, т.ғ.к., доцент Р.Л.Абдрахманова оқытушылар мен қызметкерлерге арналған бұйрық оқыды.
«Жыл адамы» номинациясына үміткерлер: Қаржы кафедрасының меңгерушісі, магистр, аға оқытушы С.А.Машанова, п.ғ.к., доцент А.С.Иргалиев және ф.ғ.к., доцент А.Б.Қайыров.
БҚИТУ ректоры, э.ғ.д., профессор Р.С.Габдуалиева «Жыл адамы 2016» номинациясын С.А.Машановаға табыстады.
«Үздік ғалым 2016» номинациясына үміткерлер: Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі А.М.Балықова, э.ғ.к., доцент Г.К.Құрманова және Педагогика және психология кафедрасының доценті, п.ғ.к., Г.К.Джонисова.
«Үздік ғалым 2016» номинациясы Педагогика және психология кафедрасының доценті, п.ғ.к., Г.К.Джонисоваға берілді.
«Үздік топ жетекшісі 2016» номинациясына үміткерлер: экономика магистрі, Қаржы кафедрасының аға оқытушысы Г.М.Айтмұқанова, филология магистрі, Филология кафедрасының аға оқытушысы Ж.Т.Нұғманова және Жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының аға оқытушысы, магистр Л.Ұ.Жұбаналиева.
«Үздік топ жетекшісі 2016» номинациясы филология магистрі, Филология кафедрасының аға оқытушысы Ж.Т.Нұғмановаға берілді.
«Университет имиджін қалыптастырушы» номинациясына үміткерлер: т.ғ.к., доцент С.Б.Құрманалин, дене шынықтыру магистрі, аға оқытушы Н.С.Құспанов, Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, т.ғ.к., Д.Д.Сүлейменова.
«Университет имиджін қалыптастырушы» номинациясы Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, т.ғ.к., Д.Д.Сүлейменоваға берілді.
«Қажырлы еңбегі үшін» номинациясына үміткерлер: тіркеу бөлімінің меңгерушісі Г.Т.Мурзабекова, ақпараттық бөлім меңгерушісі Х.К.Серғазиев, Педагогика және психология кафедрасының зертханашысы А.Камиева.
«Қажырлы еңбегі үшін» номинациясы ақпараттық бөлім меңгерушісі Х.К.Серғазиевке табысталды.
Сонымен қатар, факультеттің үздік студенттері де марапатталды. «Жыл студенті» номинациясына үміткер студенттер: «Қаржы» мамандығының 3 курс студенті Ануаров Заманбек, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенті Жардемов Нұрдәулет, «Информатика» мамандығының 3 курс студенті Черниязова Ақжүніс.
«Жыл студенті» номинациясы студенттік ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі, информатика мамандығының 3 курс студенті Черниязова Ақжүніске табысталды.
«Оқу озаты» номинациясына үміткерлер: «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3 курс студенті Кемаладин Назкен, «Педагогика және психология» мамандығының 4 курс студенті Сұлтанияр Қарақат және «Қаржы» мамандығының 2 курс студенті Нығметова Карина.
«Оқу озаты» номинациясы «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3 курс студенті Кемаладин Назкенге табысталды.
«Жас ғалым 2016» номинациясына үміткерлер: «Қаржы» мамандығының 4 курс студенті Мартемьянова Алина, «Тарих» мамандығының 2 курс студенті Жастилек Надия, «Педагогика және психология» кафедрасының 4 курс студенті Сұлтанова Фариза.
«Жас ғалым 2016» номинациясы «Қаржы» мамандығының 4 курс студенті Мартемьянова Алинаға табысталды.
«Спорттағы жетістігі үшін» номинациясына үміткерлер: «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенті Жұмағамбетова Әсел, «Туризм» мамандығының 3 курс студенті Касимов Нуркен және Куанышкалиев Манас.
«Спорттағы жетістігі үшін» номинациясы «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенті Жұмағамбетова Әселге берілді.
«Қоғамдық белсенділігі үшін» номинациясына үміткерлер: «Психология» мамандығының 3 курс студенті Закешова Аягөз, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенті Виноградова Людмила, «Экономика және құқық негіздері» мамандығының 3 курс студенті Утебаева Карина.
«Қоғамдық белсенділігі үшін» номинациясы «Экономика және құқық негіздері» мамандығының 3 курс студенті Утебаева Каринаға берілді.
Номинация иегерлеріне диплом және ақшалай сыйлық табыс етілді.









