«Жастардың діни сауаттылығын арттыру және рухани әлеуетінің дамуына бағытталған шаралар ұйымдастыру және өткізу» әлеуметтік жоба аясында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің гуманитарлық-заңтану факультетінде «Жастар жне діни толеранттылық» атты дөңгелек үстел өткізілді. Ұйымдастырушы: гуманитарлық-заңтану факультеті және «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігі.
Шараның мақсаты – этникалық-конфессионалдық төзімділігін нығайту, дамушы тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, жасөспірімдер мен жастар арасындағы патриоттық сезімді, өзара сыйластықты, жауапкершілікті насихаттау болып табылады
Дөңгелек үстелдің жұмысына тиісті мемлекекеттік органдар өкілдері, Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері, жастар қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілері, студенттер және оқытушылар қатысты.Сөз сөйлеушілер:
Абекешев Аянбек Иманбайұлы, БҚИТУ тәрбие жұмысының проректоры
Гиззатов Саялбек Махамбетович, БҚО дін істері басқармасының бөлім басшысы
Осипов Николай Иванович, к.и.н., доцент ЗКИТУ
Кужаева Лилия Муратовна, руководитель молодежного крыла Татарского культурного центра, член Ассамблеи народов Казахстана
Аханов Саматт Иебергенұлы Орал политехникалық кооледжінің оқытушысы, жастар ұйымының жетекшісі.
Абдрашит Арман Абдрашитович з.ғ.к. гуманитарлық және қүқыктану кафедрасының менгерушісі
Джаналиев Элгун Руководитель молодежного крыла Азербайджанского культурного центра, член Ассамблеи народов Казахстана
Гумаров Алишер Ғайнилы «Жаңа толқыны» БҚО жастар ұйымының жетекшісі
Дөңгелек үстел өзінің мақсатына жетті. Студенттер мен қатысушылар арасында діни толеранттылыққа қатысты пікір талас өтті.
