2024 жылғы 10 сәуірде мұнай-газ инженериясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры т.ғ.к. Қ.А. Ихсанов КИОС компаниясының ұңғымалық операциялар операторы Ч.М. Тлеккабыловпен бірлесіп, “Мұнай-газ ісі” ББ бағдарламасының НД-22О топ студенттерімен интерактивті сабақ өткізді. Сабақ, диалогтық оқыту түрінде – яғни, пікірталаспен, демонстрациялық материалдарды талдаумен және өндірістік жағдайды талқылаумен бірге дәстүрлі дәріс түрінде өткізілді.

Сабақ барысында студенттер өз білімдерін жүйелеп, жинақтай алды және сабақ тақырыбын талқылауға тікелей қатысып, өз идеяларын ұсына алды.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz