2024 жылдың 11-12 сәуірі аралығында 6В03201 – «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттері арасында ХVI Республикалық пәндік Олимпиада өтті.

Олимпиада Шымкент қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің “Жалпы тарих және музей ісі” кафедрасының базасында өтті. Республикалық олимпиаданың негізгі міндеттері: шығармашылық қабілеттерін ашу, дарынды студенттерді іріктеу, қолдау, конкурсанттардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу, оларды қазіргі заманның ғылыми мәселелерін шешуге баулу және ғылыми қызметке деген қызығушылықтарын дамыту.

Сайыс қорытындысы бойынша, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «BIBLIOAGENTS-07» командасы (құрамында 2-курс студенттері: Күнуспаева Марзия Маратқызы, Картанбаева Айкөркем Еранқызы, Зейнешова Жадыра Бақтиярқызы, Шегетаева Әлия Рахымжанқызы) 3-орын алды. 6В03201 – «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасы бойынша ХVI Республикалық пәндік олимпиадаға қатысушы студенттерді даярлаудың жоғары деңгейі үшін барлық қатысушылар кубок, диплом, сертификаттар және алғыс хаттармен марапатталды.

Жетекшілер мен студенттерді жүлделі орынмен құттықтаймыз!

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz