Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде 2023 жылдың 29 қараша күні Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, педагог-модератор Аюпов Темірлан Қадырболатұлы мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мақсот Жәнібек Мұратұлы «Дене шынықтыруды оқыту әдістемесі» тақырыбында шеберлік сабағы өткізді. Шеберлік сабағына дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасының студенттері мен магистранттары, «Қоғамдық пәндер және дене мәдениеті» кафедрасының оқытушылары қатысты.
Сабақ барысында жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында дене шынықтыру пәнінде әдіс-тәсілдерді қолдану тиімділігі көрсетілді. Мектептегі дене шынықтыру сабағындағы жаңашылдықтар АКТ-ны қолдану, топтық жұмыс, топтық жұмысты қорғау, кері байланыс әдістері қолданылды. Сонымен қатар, сабақта бағалау мақсатында берілген жаттығуларға дескрипторлар құрастырылып, сабаққа қатысушыларға түсіндірілді. Шеберлік сабағы оқытудың инновациялық әдістері қолданылған озық үлгілік сабақ ретінде танылды.
