Білім және менеджмент институтында 7М01101–Педагогика және психология білім беру бағдарламасы магистранттарының педагогикалық практикасының қорытындысы бойынша практика жетекшісі п.ғ.к., педагогика және психология кафедрасының профессоры А.А. Тасимова мен семинар-практикумның модераторы 2 курс магистранты Г.Л. Асауованың ұйымдастыруымен  “Білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу” тақырыбында семинар-практикум оздырылды.

Семинардың мақсаты: Студенттердің толыққанды әлеуметтенуін және әлеуетін табысты іске асыруын құруға баса назар аудара отырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тиімді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу үшін қажетті білім, іскерлік және дағдыларын дамыту.

Аталған семинардың лейтмотиві Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж. Тоқаевтың “Инклюзивті білім беру біздің білім беру жүйеміздің бір бөлігі болуға тиіс. Әр баланың даму ерекшеліктеріне қарамастан сапалы білім алуға құқығы бар. Біздің міндетіміз-барлығына бірдей жағдай жасау” деген сөзі.

Семинар-практикумға Білім және менеджмент институтының 6В01301 Психология және 6В01101 Педагогика және психология ББ студенттері, магистранттары және педагогика және психология кафедрасының оқытушылары қатысты. Магистрант Г.Л. Асауова “Жалпы білім беретін орта мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жұмысын ұйымдастыру” атты  тақырыпта баяндама жасады.

Семинарға тәжірибелі педагог-психологтар, №1 Подстепный ЖОББМ-нің логопед маманы Макутова Айнагүл Сафиқызы шақырылды, ол түрлі оқу-дамыту пәндерін пайдалана отырып, логопедия бойынша әртүрлі әдістемелерді көрсетті. Педагог-психолог Туленова Татьяна Викторовна ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың сенсомоторлық  дағдыларын дамытуға арналған тренинг өткізді. Арнайы педагог Есқалиева Азида Сағындыққызы сенсоматорлық дағдыларды дамыту бойынша ойындар өткізіп, оған семинардың барлық қатысушылары белсенді қатысты.

Семинар-практикум қорытындысы бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына  қажет  жадынамалар, семинар – практикумға  белсене қатынасып баяндама жасаған  мектеп психолог педагогтарына, студенттер  мен  магистранттарға сертификаттар табыс етілді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz