2024 жылдың 5 желтоқсанында бірлестік жетекшілері мен БҚИТУ салалық технологиялар институтының «Ветеринария және техносфера қауіпсіздігі» кафедрасының профессоры, ветеринария ғылымдарының кандидаты, Днекешев А.К. «Жануарлар патологиясы» пәні бойынша практика-бағытталған сабақ ұйымдастырылды. Практика-бағытталған сабақ Максим Анатольевич Страмоусов жетекшілік ететін «ZOODOCTOR» ветеринарлық клиникасының базасында «Әртүрлі патологияларға арналған ұсақ жануарларды инновациялық әдістермен зерттеу» тақырыбында өткізілді.
Біздің сабағымыздың мақсаты әртүрлі патологиялар бойынша ұсақ үй жануарларын қабылдау кезінде әртүрлі манипуляцияларды және ішкі ауруларға дәл және дұрыс диагноз қоюда ультрадыбыстық аппаратты қолданумен таныстыру және тәжірибе жасау болып табылады.
Бұл жағдайда сабақ барысында біз мысықтың зәр шығару жүйесін ультрадыбыстық аппаратпен тексеріп, бүйрек түтіктері мен қан тамырларының патологиясына зерттеу жүргізілді. Әрі қарай әрбір студент емхананың ветеринар дәрігері Владислав Александрович Дудиннің жетекшілігімен сол және оң жақ бүйректің компьютерлік суреттерін оқып, ультрадыбыстық аппараттың көмегімен дәл диагноз қойыды: Гломерулонефрит – қанды сүзетін шумақтар – шумақтарды қамтитын бүйректің қабынуы. Сондай-ақ практика-бағытталған сабақта студенттер мысықтарға арналған термометрия, әртүрлі патологияларды зертханалық диагностикалау әдістері және т.б. практикалық дағдыларды меңгерді. Қорытындылай келе, ветеринарлық клиникаларда шағын топтарда оқу үдерісін ұйымдастыру арқылы талқылап, студенттерге материалды түсініп нақтылауға мүмкіндік беріп, қатысушыларға өз ойларын айтуға ықпалын тигізеді және практикалық дағдыларды жетілдіреді.


