2024 жылғы 02-ші желтоқсан күні ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының аға оқытушысы Ж.А. Мурзабекова МКҚК «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі»,табиғат және экология мұражайына 6В11201 «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасының білім алушыларына экскурсия ұйымдастырды.

Іс-шара жануарлар құқықтары декларациясын қабылдау күнін немесе халықаралық жануарлар құқықтары күнін мерекелеу аясына сай келді. Экскурсияны бөлім меңгерушісі Жұмағазиева Айгүл Омарғалиқызы жүргізді.

Студенттер бұрынғы Орал әскери мұражайының бірегей экспонаттар коллекциясымен танысты, ал мұражайдың табиғи-тарихи топтамасының негізін қалаған саяхатшы және натуралист Г.С.Карелин 1852 жылы тамаша қазбалар топтамасының қалдықтары туралы жазған. Орал мұражайында: мамонт, мүйізтұмсық, бұғы сүйектері сақталған. Студенттер экология және қоршаған ортаны қорғау саласында қызығушылық танытып, сұрақтар қойды. Экспозицияны көргеннен кейін студенттерге «Батыс Қазақстан облысының табиғаты» бейнефильмі көрсетілді.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz