2024 жылдың 12 – наурызында БҚИТУ Салалық технологиялар институтында мамандандырылған аккредиттеу стандарттарының ұсынымдарына сәйкес техникалық және биологиялық бағыттардың білім беру бағдарламалары бойынша оқитын 1 курс студенттерімен кездесу өтті.

Ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының профессоры, химия ғылымдарының докторы Бурахта Вера Алексеевна студенттерге БҚИТУ-дың білім және ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастығы туралы айтып, оқытушылар мен білім алушылардың бірлескен ғылыми жобаларға, конференцияларға, академиялық ұтқырлыққа белсенді қатысуын атап өтті.

Кездесуге 6В11201- «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасы бойынша БҚИТУ түлегі, қазіргі уақытта Ю.А. Гагарин атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университетінің магистранты Проказов Николай қатысып, таныстырылым ұсынып, бюджеттік негізде “Экологиялық қауіпсіздік” бағыты бойынша Ресей жоғары оқу орнының магистратурасында оқу перспективалары туралы айтып берді.

Қатысқан студенттер халықаралық ынтымақтастық туралы сұрақтарға үлкен қызығушылық танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.