2024 жылғы 12-наурызда Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Білім және менеджмент институтының шет тілдері және аударма ісі кафедрасының оқытушылары мен “Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. (КПО)” компаниясының өкілдері арасында ресми кездесу өтті.
Кездесу барысында КПО Б.В. компаниясының қызметкерлерді оқыту жөніндегі мамандары Нуралиева Айжан және Аябова Алина КПО-дағы студенттік практика бағдарламасы бойынша «Аударма ісі» білім беру бағдарламасы студенттерінің орындайтын жұмыстары мен оларға қойылатын талаптармен таныстырды. КПО-да өндірістік тәжірибе бағдарламасына сәйкес практикадан өту барысында студенттер өзінің болашақ мамандығы бойынша үлкен тәжірибе жинақтайды және қажетті кәсіби білік-дағдыларын жетілдіреді. Сонымен қатар, әңгімелесу барысында КПО мен шетел тілдері және аударма ісі кафедрасы арасындағы берік қарым-қатынасты әрі қарай дамыту мақсатындағы бірқатар мәселелер талқыланды.

