2025 жылдың 11-сәуірінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің қаржы және экономика кафедрасы «Жаһандық экономикалық эволюция: цифрлық дәуірдегі қиындықтар мен мүмкіндіктер» атты халықаралық ғылыми конференциясын өткізді.

Конференцияға Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей Федерациясының ғалымдары қатысты. Конференцияда Тәжікстан Республикасындағы жасыл экономика мәселелері, Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы сауда қатынастарын жақсарту үшін цифрлық технологияларды енгізу перспективалары туралы түрлі тақырыптарда баяндамалар тыңдалды. Сондай-ақ цифрландыру жағдайында кәсіпорындардың қаржылық менеджменті және өнеркәсіптік кәсіпорындардың тиімділігін арттырудағы цифрлық технологиялардың рөлі туралы мәселелер қамтылды.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz