2024 жылдың қаңтар айында салалық технологиялар институтының ПОҚ қатысуымен Enactus Қазақстан жобасы бағдарламасының менеджері Аружан Мұсаевна Кәрімовамен “Enactus Қазақстан жобасы дегеніміз не, оған қалай қатысуға болады?» тақырыбында  онлайн кездесу ұйымдастырылды.

Enactus жобасына қатысатын білім алушылардың командалар құрып, жобаны орындап  жүзеге асырады.

Enactus командасына кез-келген курстың, оқытудың барлық формаларының кез-келген білім беру бағдарламасының білім алушылары қатыса алады. Әр командада кеңесші кураторлар мен бизнес-кеңесшілер болады. Команданың іскери тәлімгерлері болып – бизнесте тәжірибесі бар еріктілер тағайындалады. Бизнес-тәлімгерлер білім алушылардың жобаларына кеңес беріп және жобаны кезең-кезеңімен сүйемелдеп отырады.

Enactus командалары жобаларды басқару, топ жұмысын ұйымдастыру, нәтижелерді таныстыру негіздері бойынша тренингтерден өтеді.

Тіркеуден және тренингтерден өткен, нәтижелі жобаларды іске асырған және міндетті есептерді ұсынған командалар Enactus Қазақстан өңірлік конкурстарына қатысуға шақыру алады (сәуір айында өткізіледі). Enactus жобаларын орындаушы білім алушылар жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін де жобасын дамытып, тұрақты бизнеске айналдыра алады.

Салалық технологиялар институтының білім алушыларын Enactus Қазақстан жобасына қатысуға шақырамыз!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz