2026 жылғы 24-ақпанда Орал қаласының ақпараттық – талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ұйымдастыруымен студент жастар арасында «EcoFuture: Таза Қазақстан» атты квест ойыны өтті.

Аталған шара «Заң мен тәртіп тұжырымдамасы» аясында ұйымдастырылып, жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, қоршаған ортаны қорғау жауапкершілігін арттыруға, командалық жұмыс пен көшбасшылық дағдыларын дамытуға бағытталды.

Аталған квест ойынына Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университеті Білім және менеджмент институтының студенттері белсенді қатысып, жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Нәтижесінде университетіміздің командасы жүлделі ІІ орынды иеленді.

Студенттеріміз тапсырмаларды орындау барысында ұйымшылдық, шапшаңдық және экологиялық сауаттылықтарын дәлелдей білді.  

Жеңімпаз студенттерімізді құттықтаймыз және алдағы жарыстарда жаңа жетістіктер тілейміз!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz