2026 жылғы 17–19 ақпан аралығында Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы кафедрасында 6В07102 – Электр энергетикасы, 6В07105 – Автоматтандыру және басқару (салалар бойынша), 6В06104 – Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер білім беру бағдарламаларының 3-курс білім алушылары арасында жыл сайынғы пәндік олимпиада ұйымдастырылды. Олимпиада 2 кезеңнен тұрды, І кезеңге 56 студент қатысты. ІІ кезеңге 24 студент өтті.
Олимпиада қорытындысы бойынша үш білім беру бағдарламасы бойынша 3 жүлделі орын анықталды:
6В07102 – Электр энергетикасы БББ бойынша:
1-орын – Серік Тілеухан Аймұратұлы, ЭЛ-31 тобы; Тахамбетов Нурдаулет Нурланович, ЭЛ-32О тобы;
2-орын – Бисенбаев Абу Асхадулы, ЭЛ-31О тобы;
3-орын – Орынғали Арафат Баянғалиұлы, ЭЛ-31О тобы.
6В07105 – Автоматтандыру және басқару (салалар бойынша) БББ бойынша:
1-орын – Базар Ануар, АУ-31О тобы;
2-орын – Қалмухамбетов Құмар, Кенесов Рамазан, АУ-31О тобы;
3-орын – Ерболатова Алина, Коновалов Никита, АУ-32 тобы.
6В06104 – Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер БББ бойынша:
1-орын – Габдуллин Дамир, ВТиИС-32О тобы;
2-орын – Жалмуханова Анар Мержанқызы, Погодин Никита Игоревич, ВТиИС-32О тобы;
3-орын – Шахмайкин Денис Валерьевич, Галимзянов Дархан Булатұлы, ВТиИС-31О тобы.


