2025 жылдың 14 қарашасында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде «Еңбек нарығын трансформациялау дәуіріндегі жұмыс берушілердің жаңа құзыреттері мен күтулері» тақырыбында панельдік сессия өтті. Іс-шара еңбек нарығының өзекті сын-қатерлерін талқылауға, цифрлық трансформация жағдайында жас мамандардың неғұрлым талап етілетін құзыреттерін айқындауға, сондай-ақ университеттің жұмыс берушілермен және мемлекеттік құрылымдармен әріптестік өзара іс-қимылын нығайтуға бағытталған. Сессия ректор Бекболат Темержанұлы Шакешевтің құттықтау сөзінен басталды, ол қазіргі заманғы еңбек нарығының сын-қатерлеріне дайын білікті мамандарды даярлаудың маңыздылығы мен университеттің өңірдің кадрлық әлеуетін қалыптастырудағы рөлін атап өтті. Іс-шараның модераторы-оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Машанова Самал Амангельдиевна-кадрларды даярлау сапасын арттыру үшін университет пен жұмыс берушілер арасында жүйелі диалог құрудың маңыздылығын атап өтіп, панельдік сессияны ашты. Бұдан әрі спикерлер сөз алды: Тасмагамбетов Асет Сембаевич, Білім және менеджмент институтының директоры; Тулегенова Айнагуль Утегеновна, оқу үрдісін жоспарлау және ұйымдастыру бөлімінің басшысы; Майдан Жамбыл Бейбитулы, БҚО «Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» ММ» Сыртқы экономикалық байланыстар және есеп бөлімінің басшысы; Абулкаирова Айгуль Куспановна, «Атамекен» ҰКП адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы. Спикерлер оқу бағдарламаларын жаңарту, инвестициялық белсенділіктің кадрлық сұранысты қалыптастыруға әсері және аймақтың адами капиталын дамытудағы бизнестің рөлі сияқты негізгі мәселелерді қарастырды. Панельдік сессия нәтижелі өтті және университет, жұмыс берушілер және мемлекеттік құрылымдар арасында пікір алмасудың тиімді алаңына айналды. Алынған ұсыныстар Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің білім беру үрдісін одан әрі жетілдіру кезінде ескерілетін болады. Ұйымдастырылған іс-шараның нәтижесі ретінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті мен серіктес ұйымдар арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою болды, бұл кадрлық әлеуетті дайындау және дамыту саласында бірлескен жұмысқа жаңа мүмкіндіктер ашты.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz