Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Білім беру және менеджмент институтында 2025 жылғы 10–14 қараша аралығында «Білім берудегі цифрлық технологиялар – кадрларды кәсіби даярлау сапасын арттыру факторы ретінде» тақырыбында Сапа апталығы-2025 өтті.
Сапа апталығы аясында институттың оқытушылары мен студенттері білім беру үрдісіне сандық технологияларды енгізуге және кәсіби құзыреттерді дамытуға арналған мастер-класстар, семинарлар мен тренингтерге қатысты. Практикалық сабақтар қатысушыларға заманауи оқыту құралдарын, белсенді оқыту әдістемелерін, жасанды интеллект пен сандық платформаларды қолдануды меңгеруге, сондай-ақ жобалық ойлау және дағдыларды (soft skills) жетілдіруге мүмкіндік берді.
Апталық нәтижесінде оқытушылардың кәсіби біліктілігі артты, студенттердің практикалық дайындығының мүмкіндіктері кеңейді және сандық әрі инновациялық оқытуға жаңа тәсілдер қалыптасты. Шара оқытушыларды, студенттерді және білім беру қауымдастығының өкілдерін біріктіріп, тәжірибе алмасуға, инновациялық әдістерді талқылауға және білім беру процесіне сандық технологияларды енгізуге тиімді алаң болды.
Оқытушылар, студенттер және шақырылған қонақтар Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ректорының Алғыс хаттарымен марапатталды.









