Қазақстанның шорт-тректен аралас командасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды.
Эстафета сайысында ел намысын Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Яна Хан және Алина Ажғалиева
қорғады.
Нәтижесінде, отандастарымыз мәреге екінші болып келіп, құрлықтық доданың жүлдегері атанды.
Бұл жарыста Оңтүстік Корея спортшылары алтын медаль иеленсе, Жапония үздік үштікті түйіндеді.
Алина Ажғалиева – біздің студентіміз, біздің мақтанышымыз!