2018 жылдың 20 қаңтар күні БҚИТУ педагогика факультетінің 20 жылдығына орай профессор-оқытушылары мен қызметкерлері арасында «Евразия» туристік сауықтыру орталығында «Барыс» спорт клубының ұйымдастыруымен «Денсаулық күні» өткізілді. Шараның өту мақсаты – дене шынықтыру және спорттың көмегімен салауатты өмір сүру салтын насихаттау, оқытушы-профессорлық құрамының арасында қысқы бұқаралық спортты дамыту. Бағдарлама бойынша команда құрамалары спорттың бірнеше түрлерінен сайысқа түсті. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар дипломдармен марапатталды.
2016 жылдың 1 қазанында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде І курс студенттері арасында Денсаулық күні өткізілді.
Денсаулық күні университет білім алушылары арасында салауатты өмір салтын, зиянды әдеттерден бас тартуды насихаттау, дене мәдениеті мен спортқа қызығушылықтарын ояту мақсатында өткізіледі. Бірінші курс студенттері үшін студенттер өз қабілеттілік, ептілік, икемділік, ширақтылықтарын, ең бастысы, топта бірлікте жұмыс жасай білу қабілеттерін көрсете алған спорттық сайыстар ұйымдастырылды.
Сайыс бағдарламасында келесі сайыс түрлері болды: 4х100 метрлік эстафета (2 қыз бала, 2 ер бала), 16 кг кір тасын көтеру, арқан тартысу, қабырға газеттерінің байқауы, шағын футбол, «Көңілді сөре» байқауы. Топтар барлық кедергілерден өтіп, тапсырмаларды оңай орындай білді.
Сайыс қорытындылары бойынша инженерлік-технологиялық факультет студенттері 4х100 метрлік эстафетада, арқан тартысуда, шағын футбол және қабырға газеттерінің сайысында жеңімпаз атанды. ИТФ студенті кір тасын көтеру бойынша сайыста ІІ орынды жеңіп алды. «Көңілді сөрелер» байқауында инженерлік-технологиялық факультет тобы ІІІ орынды иеленді. Үздік нәтиже көрсеткен студенттерге кубоктар, дипломдар мен естелікке сыйлықтар берілді.









