17 қаңтар күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде «Адами капитал – жаңғыру негізі» тақырыбында елбасы жолдауын талқылау өтті. Университет ректоры э.ғ.д., профессор Р.С.Габдуалиева елбасымыздың осы жылғы жолдауындағы жетінші бағыт – адам капиталының жаңа сапасы, яғни білімнің барлық жүйесі заманауи талаптарға және экономиканың барлық қажеттілігіне жауап беруі тиіс екенін айтып өтті. Сонымен қатар ф.ғ.д., профессор М.Б.Сабыр, оқу ісі жөніндегі проректор Ж.Т.Ерназаров, тәрбие ісі жөніндегі проректор А.И.Абекешев, педагогикалық факультетінің деканы, х.ғ.к., профессор Б.С.Жұмақаева, инженерлік-технологиялық факультетінің деканы, т.ғ.к., профессор Н.М.Кадыргалиев, тілдер және менеджмент факультетінің деканы, э.ғ.к., доцент Ж.Ж.Жумаев, гуманитарлық-заңтану факультетінің деканы, ф.ғ.к., профессор К.Х.Капанов өз ойларымен бөлісті.
