Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы шеңберінде Олимпиада ойындарына қатысушы спортшыларға қолдау көрсету мақсатында ЖОО мен АООО студенттері арасында 2018 жылдың 2 ақпан күні шаңғымен спорттық бағдарлаудан жарыс өткізілді.

Жарысты Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің педагогика факультетінің «Қаржы» кафедрасы мен «Барыс» спорт клубы ұйымдастырды. Жарысқа 8 құрама команда қатысты:

  • Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық  университеті;
  • М.Өтемісов атындағы Батыс Қаазақстан мемлекеттік университеті;
  • Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті;
  • Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті;
  • Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі;
  • Орал қалалық мұнай-газ және салалық колледжі;
  • Орал политехникалық колледжі;
  • Батыс Қазақстан инновациялық–технологиялық колледжі.

Жалпы командалық есепте 1-орынды  Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі иеленсе, 2, 3-орындарды Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық – техникалық университеті мен Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университеті қоржындарына байлады.

Жарысқа 45 ұл бала мен 35 қыз бала қатысты. Командалық есептен бөлек спортшылар жекелей жүлделі орындармен де марапатталды.

Ұлдар арасында:

1-орын: Болатжанов Эльдар (Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж);

2-орын: Сагиналин Ерлан (Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж);

3-орын: Умбетяров Мадениет (БҚИТУ)

Қыздар арасында: 

1-орын: Иргусаева Наргиза (Жәңгір хан атындағы БҚАТУ);

2-орын: Ислямова Миргуль (Орал қалалық мұнай-газ және салалық колледжі);

3-орын: Мухамедрахимова Акерке (Жәңгір хан атындағы БҚАТУ).

   Жүлделі орын алған спортшыларды құттықтай отырып, алдағы уақытта сәттілік, жеңістер тілейміз!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz