Тіл – адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп – өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. 2016 жылдың 29 қыркүйегінде педагогика факультетінің студенттерінің ұйымдастыруымен тілдер мерекесіне орай «Тіл мерейі – ел мерейі» атты әдеби-сазды кеш өткізілді. Кештің мақсаты студенттерді өз тіліне, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу. Тілді ұлттық мұра ретінде сезінуге, тіл мәдениетін сақтай білуге үйрету, тіліміздің қадір қасиетін бойларына дарыту.

Мерекелік шараны педагогика факультетінің деканы, х.ғ.к., доцент Б.С.Жұмақаева ашты. Факультет деканы өз сөзінде оқытушылар мен студенттер қауымын мерекемен құттықтап, тіл құдіреті мен қасиеті жөнінде айтып кетті. Тіл тақырыбындағы ақын- жазушылардың өлең-шумақтары мен өз туындыларын ортаға салды. «Саржайлау», «Алға, Қазақстан» сияқты патриоттық бағыттағы әндер шырқалып, мың бұралған бишілеріміз өнер көрсетті. Кешті қорытындылау сөзі кафедрамыздың меңгерушісі п.ғ.к., доцент Ажгалиев Марат Қайыржанұлына берілді.


