Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасы 2023 жылғы 6 сәуірде педагогика ғылымдарының кандидаты, Мәскеу халықаралық туризм және өлкетану Академиясының академигі, жаратылыстану – ғылыми пәндер кафедрасының профессоры Николай Николаевич Пересветовты еске алуға арналған “Дене шынықтыру-спорттық қызметтегі өлкетанудың тарихи, педагогикалық аспектілері” атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.
Конференцияның мақсаты ретінде Н.Н.Пересветовтың ғылыми еңбектеріндегі дене шынықтыру мен спорттың қазіргі жағдайын, даму тенденцияларын, дене шынықтыру-спорттық өлкетанудың рөлін зерделеу таңдалынды.
Конференция жұмысына Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университеті (Белгород қ., РФ), Поволжье мемлекеттік дене шынықтыру, спорт және туризм университеті (Қазан қ., Татарстан Республикасы), Т. Г. Шевченко атындағы Приднестровье мемлекеттік университеті (Тирасполь қ., Приднестровье Молдова Республикасы), Homs Military Academy (Сирия) секілді жетекші жоғары оқу орындары белсенді қатысты.
