Сапа апталығы аясында 2024 жылдың 12 қарашасы күні 12:00-де «Тарих және құқық» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі А.Н.Кашапованың Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі пәнінен 6В01601-Тарих білім алушыларына «Қазақстан тарихы сабағында техникалық құралдарды пайдалану. Тарихты оқытуда көрнекілік құралдарын пайдалану» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Ашық сабақтың мақсаты білім беру саласындағы бүгінгі күннің басты талабы болып отырған: сабақтың тиімділігін арттыру және оқытушының мақсатқа жету үшін қолданатын дидактикалық құралдарының арсеналын көбейту. Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі бойынша өткізілген ашық сабақта бірнеше заманауи платформалар мен бағдарламалар, дәстүрлі сабаққа да қолдануға болатын жаңашыл көрнекіліктер көрсетіліп, олардың сабақ өткізу кезінде уақыт шығынын азайтуға, оқытуға қажетті ақпаратты беруге, зерттелетін сұрақтың мақсаты мен нәтижесіне жетуге бағытталған оқытудың техникалық құралдарының түрлері мен оларды пайдалану жолы түсіндірілді.



