2024 жылдың 25 сәуірінде Салалық технологиялар институтының Мұнай-газ инженериясы кафедрасының оқытушылары Беркалиева Г.Г., Әшімова Е.Д., Киікбаев М.Қ., Кадиралиев А.К. педагогикалық шеберлік мектебі аясында “Цифрлық трансформация: онлайн-құралдар мен платформалар” мастер-класс өткізді. Бұл мастер-класс өзінің оқытушылық қызметін жақсартуға мүдделі адамдарды жинады. Іс-шара жанды атмосферада өтті, онда спикердің әр сөзінен кейін әріптестер барлық ұсынылған тапсырмаларды орындау арқылы кері байланыс берді.
Спикерлер білім алушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыратын: https://learningapps.org/, https://chat.openai.com/, https://whiteboard.fi, https://classroomscreen.com, https://www.jeda.ai, https://kahoot.it/, https://auth.genial.ly/logout, https://www.emaze.com/ сияқты түрлі инновациялық тәсілдерімен таныстырды, сондай-ақ оқытушылармен онлайн-құралдар мен платформаларды пайдаланудың тиімді әдістерімен бөлісті.
Қатысушылар мастер-класс кезінде ұсынылған барлық құралдарды қолдануды тәжірибеден өткізді және цифрлық платформалармен жұмыс барысында ұйымдастырушылардан қажетті көмек алды.
Мастер-класс нәтижесінде қатысушылар цифрлық құралдармен және платформалармен, сонымен қатар жасанды интеллект мүмкіндіктерімен де жұмыс істеу дағдылары мен нұсқаулықтарды алды.


